Саналы ұрпақты қалай тәрбиелейміз?
Бүгінгі балалар батырлар жырын біле ме? Кезінде таңнан кешке дейін ертегі, шешендік сөздер оқитын аталарымыз бен әжелеріміз қазір қайда? Ақыры Құранның бетін ашпайды екенбіз, ата-бабаларымыз қалдырған асыл мұраларымыздан тәлім алып жатырмыз ба? Егер аталар жолынан адассақ, бабалардан байланысты үзсек, ақырымыз қандай болмақ?
Халқымыздың ауыз әдебиеті дегеніміз – ауызша шығарылған, ауызша тараған қазақ халқының өнері. Ежелгі ауыз әдебиетін құраған жанрлардан бүгінгі тұрмыс-салт өлеңдеріміз, ертегілеріміз, аңыздар мен әпсаналар, эпостық жырлар мен тарихи қара сөздеріміз, лирикалық өтірік өлеңдер мен жаңылтпаштарымыз бар емес пе? Бар болғанымен, ата-бабаларымыздың заманында қалып қойғандай.
Қазіргі балалар неге орыс тілінде сөйлейді? Кішкентай кезінен өзге тілді меңгеріп, өз тілін жат көрген балалар болашақта қандай болып өседі?
Батырлар жыры балалардың батыл болып өсуіне қалай әсер ете алады? Бала кезден ұлтымыздың бағзы заманнан дәріптеп келе жатқан ерлігі, елдігі, еліне деген сүйіспеншілігін балаларымыздың бойына қалай сіңіре аламыз?

