Саз. Пайдасы мен құрамы
Ғаламшарымыз миллиондаған жылдар бойы тау жыныстары мен минералдарды пайдаланып, өзінің қайталанбас ландшафтын қалыптастырды. Құм, әктас, бор, мәрмәр – ең көп тараған минералдар.
Біреуі жердің бетінде жатса, екіншілері қабат-қабат құмның астында, көзге көрінбей жатады. Алайда кез келген жерден табылатын, қайда барсаң алдыңнан шығатын тау жынысы да бар, ол кәдімгі – саз. Ол да кезінде тас болған, бірақ жел мен судың, ауа температурасының әсерімен мүжіліп, тозаңға айналған.
Сіз саз туралы көп дүние білетіндей жүресіз, алайда оның да құпия сырлары баршылық.