Семейге жаңа ЖЭС қашан салынады? - Әкім жауабы
Семейдегі жылу электр станциясы тез салынса, тұрғын үй мәселесі де шешілуі
тиіс. Бүгін Астанаға арнайы есеп бере келген Абай облысының әкімі Берік Уәли
аймаққа жаңадан тұрғын үй салу шаруасы неге тежеліп тұрғанын түсіндірді. Сөзіне
қарағанда, жылу электр станциясының жеткіліксіздігі аймақтағы баспанамен қамту
бағдарламасын тежеп тұр. Семей қаласының оң жағалауында 146,99 гигакалория жылу
жетіспейді. Ал аймаққа жаңа жылу электр станциясы салу басталса, оның іске
қосылуы да 4-5 жылсыз бітпеуі мүмкін. Қазір «Самұрықтан» әкім түпкілікті
шешімнің шығуын күтіп отырмын деді.

