Сенаттың соңғы отырысы өтті
Бүгін Сенаттың соңғы отырысы өтті.
Осылайша, 30 жыл бұрын құрылған Парламенттің жоғары палатасы өз жұмысын
қорытындылады. Осы уақыт аралығында
Сенаттың 890-нан астам жалпы отырысы өткен. 3,5 мың заң қабылданған. Оның
350-ден астамына депутаттардың өзі бастамашы болған. 246 азамат сенатор ретінде
ел мүддесіне қызмет етті. Ертең Палаталардың бірлескен отырысында кезекті
сессия ресми түрде жабылады. Ал 1 шілдеден бастап жаңа Конституцияға сәйкес
Парламенттің өкілеттігі тоқтайды. Тамыз айында бір палаталы Парламент -
Құрылтайға сайлау өтіп, елдің заң шығару жүйесі жаңа форматта жұмысын бастайды.
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, қос палаталы Парламент елдегі
саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалардың берік заңнамалық негізін
қалыптастырды. 30 жылдық тарихи миссиямыз абыроймен аяқталып отыр, - деді ол.

