Сезім тасқыны. Мүсінші Нұрлан Далбай
Нұрлан Далбай – мүсінші, әлемдік бейнелеу өнері тарихында аты қалған Михаил Аникушиннің шәкірті. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет институтын, сондай-ақ Дрезден қаласындағы жоғары өнер мектебін аяқтаған. Елімізде бой көтерген жиырма шақты ескерткіш пен монументальді тас мүсіндердің авторы. Оның қолынан шыққан айтулы тұлғалардың келбетін әлемнің түкпір-түкпірінен көруге болады. Ал Алматының қақ төрінен орын алған алыптарымыз – Бауыржан Момышұлы, Әбілхан Қастеев, Шәкен Айманов, Мұқағали Мақатаев, Герольда Бельгердің айбынды бейнесі қаламыздың сәнін келтіріп, жүрегімізге жылылық сыйлап тұрғандай.