Шахматтан 4 дүркін әлем чемпионы Алиша
Онкоскринингтен өту
тегін болады. Мәжіліс депутаттары осындай халыққа пайдасы мол маңызды заң
жобасына түзету енгізіп, қабылдады. Ауруды ертерек анықтап, қалай қауіптің
алдын аламыз? Тексерістен кімдер тегін өтеді? Денсаулықты қайда және қалай
тексеруге болады? Бүгін айтамыз
Ғарышкер болуды
армандайтын балаға зымаран құрастыруды үйрету керек. Дұрыс армандаудың
амал-тәсілі мен мақсатқа жетудің техникасын көрсетеміз.
5 жасынан шахмат
ойнайды. 8 жасында 4 дүркін әлем чемпионы атанған Алиша студияда қонақта.
Шахматқа күнделікті 3-4 сағатын арнайтын оқушы не дейді? Баланың осындай
қызығушылығын дамыту үшін не істейміз? Спортшының әкесі жауап берді.
Бүгін - дүниежүзілік би
күні. «Әдемі дәуір» әжелер тобы мен 76 жастағы хореограф біздің студиямызда! Көпшілікті
сүйсінткен, әлеуметтік желіде бейнежазбасы тараған Ерсін Жүсіпов тың болудың
құпиясымен бөліседі. Жіберіп алмаңыз!

