Шетелде бейнебаян түсіруді алғаш қолға алған жұлдызды жұп

Оның бойынан ақынның жүрегі, батырдың мінезі, таланттың сан қыры көрінеді. Себебі, оны мына жарық дүниеге әкелген анасы халыққа белгілі ақын, ал әкесі темірдей тәртіптегі әскери жан, сүйген жары билеуді үйретіп тағы бір қырын ашып жүрген биші. Сонымен қатар өз замандастарының арасында лақап атпен сахнаға шығуды ең алғашқы болып бастаған әнші. Шетелде бейнебаян түсіруді алғаш қолға алған жұлдызды жұп «Жақсы адамдарым» бағдарламасының бүгінгі шығарылымының қонағы.