Шетелдік туристі тәнті еткен мектеп оқушысы
УЕФА құрамындағы 23
жыл. Еуропада доп тебетін қазақ футболшыларының аяқ алысы қалай? 25 сәуір -
Қазақстан футболы күні!
Қазақстан қарулы
күштерінің тарихи күнге дайындығы. Жеңістің 80 жылдығында сап түзейтін
сарбаздар мен сардарлардың бір күні. Бүгін көрсетеміз.
Әлемде қызғалдақтың
120-ға жуық түрі бар. Ал Қазақстан осы гүлдің отаны. 40-дан астам түрі өседі.
Алғаш Орта Азияда таралған гүлдер қалай Еуропада тарады? Еліміздің қай
өңірлерінде кеңінен таралған? Қаншасы қызыл кітапқа енген? Қызғалдақты
жұлғандар жауапқа тартыла ма? Сарапшылар жауап берді.
7 жыл осы салада еңбек
еткен. Арманы Димаш, GGG қызғалдағын шығару. «Қызғалдақ ханзадасы» атанған
кәсіпкер кім? Қызғалдақты үй жағдайында қалай өсіреміз? Күтіп-баптауда қандай
ерекшелік бар? Бүгін айтамыз.
Әлеуметтік желіде
видеосы тараған Нұржол Сатыбалдымен сұхбат. Шетелдік туристі тәнті еткен
Алматылық оқушы не дейді?
Бүгін «Домбыра Party»
маусымашары! Биылғы іс шара Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналады. Бар қызық
Бүгін.Live-та. Жіберіп алмаңыз.

