Шорт-трек спортының майталманы Абзал Әжғалиевпен сұхбат
Бүгінгі бағдарламада «Астана» баскетбол клубының жаңа маусымда өз жерінде өткізген алғашқы ойынына шолу жасаймыз. Командадағы өзгерістер де назардан тыс қалмайды. Сондай-ақ бапкер Әсет Толқымбев ат спортының қыр-сыры туралы айтып береді.
Шорт-тректен ұлттық құрамадағы үздіктердің бірі – Абзал Әжғалиевпен сұхбат құрамыз. Ол биылғы маусым, компьютерлік ойындар және жарақаттары туралы айтып береді.
Естеріңізге салайық, Абзал Әжғалиев Оңтүстік Кореяда өткен олимпиада ойындарында еліміздің туын ұстап шыққан еді. 27 жастағы шорт-трекшінің жеткен жетістігі аз емес. Абзал – шорт-тректен әлем кубогы кезеңінде алтыннан алқа таққан тұңғыш қазақ жігіті.