Шығыс Қазақстан облысының тұмса табиғаты
Шығыс Қазақстанның тұмса табиғаты кез келген адамды өзіне баурап тұрады. Ол жерге жылдың қай мезгілінде барсаң да, рахаттанып, демаласың. Бұл өңірде жалпыұлттық деңгейдегі ауданы 1,5 млн гектардан асатын 24 табиғатты қорғау аймағы бар. Ал облыстың табиғи көрнекті орындарының бірі – Мұзтау тауы.
Маңғаз да заңғар, төбесін мәңгі мұз басқан, адам аспас биік шың – қасиетті Мұзтау тауы Шығыс Қазақстан облысында орналасқан. Ол тек Алтайдың ғана емес, сонымен қатар бүкіл Сібірдің ең биік шындарының бірі, реликтік ленталық қарағай орманы болып табылады. Өзі екі шыңнан тұрады: Шығыс жағының биіктігі – 4509 метр, Батыс жағы – 4435 метрді құрайды. Төбесі мәңгі қар басқандықтан «Мұзтау» деп аталып кеткен. Мұзтау – Алтай тауларының ең биік шыңы. Сондықтан оны «Алтайдың алтын таулары» деп те атайды. Бұл тауда бірнеше шағын мұздықтарды кездестіруге болады.
Бағдарламада Мұзтау тауы туралы аңыз бен деректер, сондай-ақ облыстың екі ірі қаласы – Өскемен мен Семей қалаларының тарихы мен бүгіні туралы баяндалады.