Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырады

Silk Way Star: Қазақстан Еуразияның жаңа медиабрендін қалыптастырады

Silk Way Star - елдің ең танымал экспорттық медиа өніміне айналуы мүмкін. Мегажоба Қазақстанда әзірленген, демек франшиза құқығы мен монетизациялау мүмкіндігі отандық индустрияға тиесілі. Халықаралық вокалдық байқауды Қазақстан Президенті Телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы бірге жасаған. 3 айға созылған мегажобаға 12 елдің өкілі қатысты. Гранд финалға оның жетеуі жолдама алды. Ақыры Моңғолиядан келген әнші Мишель Джозеф жеңімпаз атанды. Гранд финалды 4 мемлекеттің телеарналары трансляциялады. 43 елден 143 миллионнан астам адам тамашалады. 300 миллионнан көп қаралым жинады. Silk Way Star - Қазақстанды мәдени дипломатия орталығына әрі Еуразиядағы ірі медиа-хабқа айналдыруы мүмкін. Айта кетейік, алдағы жылдары креативті экономиканың Ішкі жалпы өнімдегі үлесі екі есе артып, медиа саласына 50–70 миллион доллар инвестиция тартылады.