Солтүстік Қазақстан облысы: Өңірде 8 бөгет салынып жатыр
Солтүстік Қазақстан облысында жалпы ұзындығы 32 шақырымнан асатын 8 бөгет тұрғызылып жатыр. Оның биіктігі кей жерлерде 7 метрден асады. Өңірде қыркүйек айында арнайы жол картасы бекітіліп, жұмыс басталған. Бүгінде Прибрежное және Тепличное ауылында бөгендер толық салынды. Бұл нысандар демеушілердің қаржысына нығайтылуда. Жоба құны 5 миллиард теңгеден асады.

