Суретші Александр Оксак
Бүгін көрермендер назарына нағыз қылқалам шебері Александр Оксакты таныстырамыз. Ол – өзінің ішкі қиял әлеміне терең бойлап, шынайы сезімін жеткізе білетін, ойлау қабілеті ерекше жаралған суретші. Картиналарында өзгеше ағаштардың түрлері бірде адамды үрейлендірсе, енді бірде өзіне тарта түседі. Өйткені автор өмірдің бар болмысын гипербола яғни әсерлеу тәсілімен көрсете алған. Бұл тәсілді қолдану дүние жүзінің барлық суретшілерін тән болса да, ол осыныны өзінің ішкі ой пернесімен өзгеше етіп жеткізе біледі.