Суретші Ольга Шаньгина: Әйелдер образы қандай да бір күштің иесін білдіреді

Суретші Ольга Шаньгина әдемі әйелдің келбетінен зор шабыт алады. Оның көркем туындыларының басты тақырыбы да осы. «Әйел – гүл, әйел – қазына, әйел – інжу маржан» деп дәріптелетін ару қыз-келіншектердің сұлу бейнесі қылқалам шеңберінің шабытымен тамаша үйлесім тауып, әртүрлі бояу реңктерімен құлпыра түскендей. Олардың бойындағы құштарлық, романтизм, әсемдік, құпиялық секілді санаңды селт еткізер сезімнің барлығы Ольга Шаньгинаның еңбектерінде көрініп тұр. Суретшінің бірқатар жұмысы Нидерланды, Норвегия, Германия, Түркия, Корея, Ресей мен Қазақстан галереяларынан орын алған.