Суретші Виолетта Кнутованың картиналары
Вилетта Кнутованың шеберханасына кіріп келгенде қарсы алдыңнан қазақ кескіндеме өнерінің классигі – Иван Андреевич Бондаренконың бейнесі көзіңе бірден түседі. Қылқалам шеберінің ең сүйікті картинасы әкесі бар кезде де осы жерде тұратын. Баласына өзінің жолын аманат еткендей бүгінде сол орнына жайғасыпты. Суретші шеберханасындағы қарапайым нәрселердің өзі сан алуан бояу құдыретімен тамаша үйлесім тапқан. Кенеп бетіне түскен ауасы таза көркем мекенді, тұяғы жер тарпыған тұлпарды көргенде сол жерге барың келіп кетеді. Осыған қарап-ақ суретші Виолетта Кнутованың жанына ненің жақын екендігін бірден аңғаруғандай боласың.
Виолетта Кнутова Алматы қаласында туып, бұрынғы Қазақ мемлекеттік институтының көркем-графикалық факультетін тәмамадаған. Дулат Әлиев, Қалиолла Ахметжанов сияқты ұстаздардан дәріс алды. Олардың қонақжай шаңырағына қаншама атақты суретшілердің жиналып, шығармашылық, бояу түстері, әсемдік туралы айтқан тамаша естеліктері болашақ суретшінің балалық қиялын қанаттандырып, жасөпірім кезде де санасында сақталып қалды. Бүгінде біраз белестерді бағындырған ол шығармашылығын зерделеп отыруға тырысады. Бейнелеу өнерінің тарихы туралы оқып-тоқығаны айтарлықтай мол болса да, көптеген суретшілерді таныса да, ол өзінің ақыл-ойын жетілдіруден жалыққан емес. Себебі өмірдің қым-қуыт тосын сыйларына қарсы тұруға ақыл-ойыңның кемел болуы маңызды.