Сыналса да, сынбаған | Ел бағдарламасы

АРДИ орталығы 1991 жылы сал ауруымен ауыратын балалардың ата-аналарының бастамасымен ашылған. Содан бері 30 жылдан аса ерекше балаларды оңалу бағытында талмай жұмыс істеп келеді. Қаншама сал ауруымен ауыратын балалар аяққа тұрып, талайы кәдімгі мектептерде білім алып, қанша бала отбасын құрды.