Талантты әнші Асаль Джураева
Біздің кейіпкеріміз – танымал эстрада әншісі Анвар Джураевтың қызы.
Қыз бала туғанынан бастап әуезді әуен мен мәнді өлеңдер ортасында өсті. Оның сөйлеуден бұрын тілінің әнмен шыққанына да таң қалмауға болмайды.
Қазір Асальдың жасы – 12-де, соған қарамастан Асаль классикалық, опералық вокалдан жақсы жетістіктерге жетіп үлгерді, халықаралық музыка фестивальдерінде жүлделі орындарды иеленіп, Бас жүлделерді жеңіп алып жүр. Осындай байқаулардың бірі таяуда ғана Хельсинкиде өтті. Оның қорытындылары бойынша, Асаль өзі қатысқан хор тобымен бірге бірінші орынды иеленді.
Бұл алда күтіп тұрған жеңістердің басы ғана.