Тамақ жеткізетін курьерлерге жаңа талап қойылды

Тамақ жеткізетін курьерлерге жаңа талап қойылды

Енді тамақ жеткізетін курьерлер медициналық кітапшасын алып жүрулері тиіс. Биылдан бастап техникалық реттеу және метрология комитеті осындай жаңа талап бекітті. Сондай-ақ, олар кәсіби гигиеналық дайындықтан өтуі керек. Жалпы қабылданған әдеп нормалары мен ережелерін сақтаулары қажет. Бұл тұтынушылардың қызметтерге деген сенімін арттырады. Мейрамханалардың, дәмханалардың, логистикалық компаниялардың тамақ жеткізу қызметінің сапасын жақсартады. Бірақ Сауда министрлігінің өкілдері жаңа талаптың әзірге міндетті емес екенін мәлімдеді. Сондықтан, курьерлерге, жеткізу қызметі операторларына ешқандай әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.