Тасқыннан бүлінген үйлердің құрылысы күзде толық аяқталады
Тасқыннан бүлінген үйлердің құрылысы күзде толық аяқталады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты. Бүгінге дейін 9 мыңдай үй жөнделді. 5 мыңға жуық пәтер сатып алынды. 2,5 мыңнан астам баспана жаңадан салынып жатыр. Атап айтсақ, Батыс Қазақстан облысында – 775, Солтүстік Қазақстан облысында – 700, Ақтөбеде – 504 үйдің құрылысы басталған. Сондай-ақ, Ақмола облысында – 331, Қостанайда 153 және Атырауда 100 баспана тұрғызылады. Бұл жұмыстарға 6,5 мың адам мен 400-ден астам техника жұмылдырылған.
Қанат Шарлапаев, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі:
– Қыркүйекке дейін құрылыстың 80%-ын аяқтаймыз. Тек бір ауыл бар, Нұра деген. Онда құрылыс 15-20 қыркүйекке дейін созылуы мүмкін. Өйткені ол өте алыс орналасқан.

