Телефон алаяқтары зейнеткерден 46 миллион алдап алған

Телефон алаяқтары зейнеткерден 46 миллион алдап алған

69 жастағы әжейді алдап, 46 миллион теңгесін жымқырған алаяқтар ұсталды. Олар өздерін ұялы байланыс операторымыз деп таныстырған. Сим картаңыздың мерзімі бітіп жатыр, қайта тіркеу керек деп алдаған. Артынша банк қызметкері боп тағы біреу хабарласып, депозиттеріңізге қауіп төніп тұр, деп қорқытқан.  Үрейі ұшқан зейнеткер бар жиған-тергенінен айрылып қалмау үшін алаяқтардың айтқанын істеген.