Теміржол тасымалы цифрландырылады

Теміржол тасымалы цифрландырылады

Елде «Мойынты – Қызылжар» теміржолы салынады. Сондай-ақ, Ақтау портына дейінгі күре жолдың көп бөлігі жаңғырады. Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді. «Алтынкөл – Жетіген» теміржолын да кеңейту қажет», – деді ол. Бұл Қытай мен Орталық Азияға тауар тасымалын үдетеді. Заманауи технологияларды енгізбейінше, логистиканы дамыту мүмкін емес. Сондықтан қоймаларды автоматтандыру, маршруттарды цифрландыру, көлік ағынын басқару ісінде жасанды интеллектіні қолдану қажет», – деді Мемлекет басшысы.