Теміржол торабындағы ғұмыр
Алматыда тұратын Шормақовтар әулетінің 24 ұрпағы теміржол
торабында қызмет етіп келеді. Атадан қалған кәсіпті нәсіп еткен әулеттің
келіндері де осы салада. Қызығынан қиындығы басым саланың жілігін шағып, майын
ішкен жанның бірі сол әулеттегі Бауыржан Шормақов.
Бауыржан
Иманқожаұлының бойындағы шойын жолға деген қызығушылықты атадан қалған мұра
десекте болады. Атасы Есім Шормақов Түрксіб темір жолының құрылысына қатысқан.

