Төрлет, Жаңа жыл!

Жаңа жылды Арманмен, Ләйләмен қарсы алыңыз! 

Ұлу жылын «Төрлетіңіз! Арман мен Ләйлә шақырады» бағдарламасымен бірге қарсы алыңыз.

Көтеріңкі көңіл күй, жарасымды әзіл-қалжың, эстрада жұлдыздарының әсем әні және әсерлі оқиғалар мен естен кетпес хикаялар. Арнамызда осының бәрі бар.

Жаңа жыл мерекесі көңілге шуақ сыйлайтын жарқын сәттерге толы болсын!