Тұңғыш рет Асабалар одағы құрылды

Тұңғыш рет Асабалар одағы құрылды

Той мәдениетін қалыптастыру мақсатында елімізде тұңғыш рет Асабалар одағы құрылды. Бұл Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының бастамасы. Аталған ұйым той өткізудің тәртібі мен талабын түзіп, әдістемелік нұсқаулық жасамақ. Қауымдастық құрамына сөз қадірін түсінетін азаматтар өз еріктерімен кіреді. Олар қазақтың қазынасы саналатын той-жиындарда бейәдеп әрекеттер мен «хаип» қуған асабаларды тәртіпке салуға тырысады. Әйтпесе қазақи құндылықтарды келеке етіп – ересек адамды бесікке салу мен таққа отырғызу, қазақы шапанды малға жауып, ит пен мысыққа той жасау секілді келеңсіздіктер көбейіп кеткені жасырын емес.