Туризмді дамыту – ұлттық парк жұмысының маңызды механизмі

OutdoorWorld бағдарламасының бұл шығарылымында Жоңғар Алатауы ұлттық паркінің қорықтарын зерттейміз, сиверс алмасы туралы жаңа мәліметпен танысамыз, Үйгентас ежелгі қорымына, Тентек, Ағынықатты, Лепсі өзендеріне, Жасылкөл мен Аттапқан көлдеріне барамыз. Жасылкөлге бару үшін алдымен міндетті түрде «Жоңғар Алатауы» ұлттық паркінің кеңсесіне соғу керек. Жетісу өзендері тау етегіндегі жерлерде суармалы егістікті дамытуға мүмкіндік беріп отыр. Тасжолдың бойында күнбағыс, бақша өнімдері мен дәнді дақылдар өскен алқаптар бір-бірімен кезектесіп, созылып жатыр. Биыл міне, үшінші жыл қатарынан Қазақстанның кейбір өңірлерінде құрғақшылық болып жатыр, бірақ Жетісу Алатауының етегінде ондай ештеңе байқалмайды. Бұл жақта әзірге су қоры жеткілікті. Зер салып қараса жол бойынан ерте темір дәуірінен қалған қорымдарды көруге болады. Суы мол, топырағы құнарлы, жайылымға бай бұл өңір қай дәуірде да адам баласы қызығатындай қоныс болған.