Түркістан облысында 30 ауыл ішімдіктен бас тартты

Түркістан облысында 30-ға жуық ауыл ішімдіктен бас тартты. Көш басын Ордабасы мен Мақтаарал аудандары бастап тұр. Ондағы 5 елді мекеннің тұрғындары «Ішімдіксіз ауыл» жобасына қолдау білдірген. Бұл ауылдардағы дүкендерде алкогольдік өнім мүлдем сатылмайды. Той-томалақ та арақ-шарапсыз өтеді. Соның арқасында соңғы 3-4 жылда мұнда қылмыс тіркелмеген.