Түркістан облысында үш бала жансақтау бөлімінде жатыр

Түркістан облысындағы балабақшада астан уланған бүлдіршіндердің үшеуі жансақтау бөлімінен палатаға шығарылды. Жағдайлары бір қалыпты, дәрігерлердің қадағалауында. Айта кетейік, кеше Келес ауданындағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 34 баланың жаппай улану фактісі тіркелген. Олардың 15-не алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйлеріне қайтарылған. Ал қалған 19-ы емдеу мекемесіне жатқызылды. Оның үшеуі жансақтау бөліміне түскен. 16 бүлдіршін жұқпалы аурулар бөлімшесіне жатқызылды. Қазір жағдайы жақсарған соң балаларды ата-аналары үйлеріне алып кеткен.