Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың қаза тапқаны расталды

Түркияда жоғалған екі қазақстандықтың қаза тапқаны расталды

Бұл туралы еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.  Кеше тағы бір қазақстандық Әділ Қадірбековтің денесі үйінді астынан шығарылды. Мәйітті қазақстандық құтқарушылар тауып алған. Ал отандасымыз Сабина Мамадьярова аман табылды. Айта кетейік, Түркияда жойқын зілзала салдарынан қайтыс болғандар саны 17 мыңнан асты. 72 мыңнан астам азамат жарақат алған. 

Сириядағы жағдай да күрделі. Жақында БҰҰ гуманитарлық көмекті Идлибтегі жалғыз бақылау-өткізу пункті арқылы жеткізе алды. Қаза тапқандар саны үш жарым мыңға таяп қалды. Жалпы, екі елде де құрбандар саны 21 мыңнан асты.