Жекеменшік университеттерде студенттер саны артқан
Жекеменшік университеттерде білім алушылар саны жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, бұл орайда 2016-2020 жылдар аралығындағы өсім көрсеткіші шамамен 54 процентті құрайды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың жоғары оқу орындары басшыларымен өткен кездесуінде айтылды.
Жалпы жиын барысында білім беру сапасын арттыру жөнінде сөз қозғалды. Бұл орайда еліміздегі жоғарғы оқу орындарында академиялық тәуелсіздікті кеңейту бойынша жүйелі жұмыстар қолға алынған. Мәселен, университет оқытушыларын қағазбастылықтан арылту қамында барлығы 11 есеп беру нысаны мен білім беру қызметін реттейтін ереже алынып тасталды. Бұған қоса университеттер биылдан алғаш рет өздерінің дипломдарын шығарады.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов