Қазақстан үш елмен құрлықтағы шекарасындағы шектеулерді алып тастайды

Қазақстан үш елмен құрлықтағы шекарасындағы шектеулерді алып тастайды

Бүгіннен бастап Қазақстанның Қырғызстан, Өзбекстан және Ресеймен құрлықтағы шекарасында шектеулер алынып тасталады. Еске салсақ, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бұл шешімді алтыншы сәуірде қабылдаған болатын.

Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік шекарасын әуе көлігімен кесіп өту барысындағы шектеулер де жойылды. Бұл ретте қазақстандықтар мен Республика аумағында тұруға ықтиярхаты бар шетелдіктерге және шетел азаматтарына ПТР әдісімен COVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар анықтаманы немесе вакциналау паспорттары өзара танылған жағдайда коронавирусқа қарсы вакциналаудың, ревакциналаудан өткені туралы құжатты міндетті түрде ұсыну жөніндегі талап сақталады.