Оңалту орталығына жаңа көліктер берілді

Оңалту орталығына жаңа көліктер берілді

Халықаралық қарттар күні мерекесінде Оралдағы оңалту орталығы қуанышқа кенелді. Әлеуметтік мекемеге 3 арнайы көлік берілді. Енді пациенттер мұнда инватаксимен қатынайды. Салтанатты рәсімде көлік кілттерін табыстаған облыс әкімі қолдау шаралары жүйелі жалғасатынын жеткізді.

150 орындық «Ақжайық» абилитациялау және оңалту орталығы былтыр ашылған. Бірақ мекемеде арнайы техниканың жоқтығы қол байлау боп келді. Енді міне, облыстық бюджеттен 60 млн теңге қаржы бөлініп, жеңіл автокөлік, шағын автобус және тіркемесі бар трактор сатып алынды.