Қазақстан келер жылы халықаралық бағытта 17 әуе рейсін ашады

Қазақстан келер жылы халықаралық бағытта 17 әуе рейсін ашады

Қазақстан келесі жылы Куала-Лумпур, Сингапур, Токио және басқа қалаларға жаңа 17 рейс ашуды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде үкіметте Көлік министрі  мәлімдеді. Марат Қарабаевтің дерегінше, қазіргі таңда елде халықаралық әуе тасымалдары бойынша 28 мемлекетпен 110 бағытта рейстер орындалады. Жалпы алдағы уақытта саланы жетілдіру үшін инвестиция тарту көлемін  2,4 млрд долларға жеткізу межеленген. 6 әуежай мультимодальді хабқа айналады. Бұған қоса отандық әуе компаниялардың паркін 1,5 есеге дейін ұлғайту көзделіп отыр.   

Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
- Нәтижесінде алдағы 6 жылда жолаушылар санын ең аз дегенде 2 есеге, қазіргі 13 млн 26 млн дейін және өңделген жүк көлемін 8 есеге, ағымдағы 145 мың тоннадан 1 млн тоннаға дейін арттырамыз деп жоспарлап отырмыз.