Вакциналанған қазақстандықтар Түркияға ПТР-сынамасыз бара алады

Енді Түркия қазақстандықтардан ПТР сынамасын талап етпейді. Ол үшін соңғы алты ай ішінде коронавирустан сауыққан және кемінде 14 күн бұрын екпе салдырған куәлігін көрсетуі тиіс. Бұл жөнінде Түркияның ішкі істер министрлігі хабарлады.

Олардың мәлімдеуінше, бұл топқа кірмейтіндерде 72 сағат ішінде алынған ПТР сынамасының теріс нәтижесі немесе 48 сағатта алынған антигендік сынама қорытындысы болуы қажет.

Бауыржан Әлжанов, ҚР Анкарадағы консулы:

- Түркияда COVID-19 жағдайының тұрақталуына байланысты, үстіміздегі жылдың 1 маусымнан бастап шет мемлекеттерден келетін жолаушылар үшін елге кіру ережелері өзгертілді. Елімізде екі апта ішінде вакцина алған және 6 ай ішінде COVID-19 -бен ауырған азаматтардан ПТР сынағын талап етпейді. Осы тұста мынаны ескерген жөн. Аталмыш топтағы отандастарымыз дәлелдемесі ретінде мұны медициналық анықтама немесе екпе куәлігімен дәлелдеуге міндетті. Ал басқа топтағылар ПТР тесті немесе антигендік сынама нәтижесін көрсетуі тиіс. Пандемия уақытында ережелерге жиі өзгеріс еніп отыр. Сондықтан азаматтарымыз шетелге шығар алдында баратын мемлекеттердің келу ережелеріне бір көз жүгіртіп алғандары жөн.