ТҮРКСОЙ – түркі әлемінің ЮНЕСКО-сы

«Маңызды сұхбатта» айрықша шығарылым. Түсірілім тобы Түркия мемлекетінің астанасы – Анкара қаласындағы Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымында. Арнайы қонақ – Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Дүйсен Қасейінов. Еліміздегі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ТҮРКСОЙ-дың арнайы гранты бар. Сонымен қатар студенттерге Дүйсен Құрабайұлының да беретін көмегі жоқ емес. Сұхбат барысында түркітілдес мемлекеттер тәуелсіздігінің 30 жылдығындағы аталып өткен мерейтой, сондай-ақ ұйымға 28 жыл толуына орай қойылған жоспарлар мен атқарылатын іс-шаралар жайлы сөз қозғалды.