Түрмеден кейінгі тіршілік | Ел бағдарламасы

 Дүние бір қисық жол бұраңдаған. Адам баласы дүниеге келгеннен кейін асуы мен белесі, шөлі мен шөлейті, өткел бермес өзені көп өмірге қарай бет түзейді. Осы жолда бірі жол табады, бірі адасып жатады. Бүгінгі кейіпкерлердің өмір жолындағы күресі мен жанталасы, күрсінісі мен көз жасы, қуанышы мен бақыты хабардың арқауы.