Тың идеялар алаңы - Comic Con Astana

Әлемдегі ең танымал гик-мәдени фестивальдердің бірі – Comic Con Astana. Бұл жолы бұл шара Қазақстанда екінші рет өтті. Астана даму орталығы қолдау білдірген бұл іс-шара елорданы тек қана ресми, іскерлік шаралар өтетін алаң ғана емес, жастарға арналған қызықты мәдени оқиғаларды тарта алатын жаңа орталық ретіндегі мәртебесін нығайтуда маңызды қадамдардың бірі болды.