Тыныштық пен тұрақтылық - ең басты құндылық
Екі
алпауыт ел өзара диолог жүргізе бастады. Бұл жақсы үрдіс. «Жұмысшы
мамандықтарының қаласы» фестиваліне барған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Украинадағы жағдайға қатысты осындай пікір білдірді. Бірқатар салаларға маман
даярлау үдерісімен танысып, жастармен тілдескен Президент әңгіме барысында
еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы - ең басты құндылық деді. Өйткені,
Қазақстан «Бірлігіміз – әралуандықта» идеологиясын темірқазық етіп ұстанады.

