Үкіметте құрылыс саласындағы жұмыс қорытындыланды

Үкіметте құрылыс саласындағы жұмыс қорытындыланды

Қазақстанда 11 айда 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% артық. Құрылыс жұмыстарының көлемі 6 трлн теңгеге жетті. Үкіметте 2023 жылғы саладағы жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Өткен жылдың тағы бір жетістігі – құрылыс материалдарының отандық өндірісін ұлғайтуында.  Бір жыл ішінде ол 10% 1 трлн теңгеге дейін өсті. 2027 жылға дейін бекітілген Жол картасының 41 жобасы іске қосылды. Бұл әк шығаратын зауыт, асфальт-бетон, шатыр және қаптау материалдарын шығаратын кәсіпорын. Сонымен қатар, Абай облысындағы цемент зауыты қалпына келтіріліп, жаңғыртылды. Ал Жетісуда қыш тақтайша өндірісі кеңейтілді. Алдағы уақытта Шымкентте тағы 3 жоба іске қосылады деп күтілуде. Бұл ретте Үкіметте атап өтілгендей жалпы көрсеткіште құрылыс материалдары сатып алынған отандық тауар өндірушілердің үлесі 66% дейін ұлғайды, бұл олардың ішкі нарықтағы позицияларының нығайғанын білдіреді.