Ұлт ұстазының ұлағаты

Ұлт ұстазының ұлағаты

Алматыда «Ахмет. Алаш ардақтысы» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті. Жаңа туынды «Ұлы Жібек жолымен -2024» ХІІ Халықаралық кітап және полиграфия көрмесі аясында жарыққа шықты. Қазақ-орыс тілдерінде жалызған бірегей кітап Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен мұрасына арналған. Айта кетейік бұл туынды «Менің Қазақстаным» топтамасымен басылған төртінші кітап.

Алаш ардақтысының сан қырлы болмысын кеңінен таныту үшін мамандар зерттеулер жүргізген. Кітапта ұлт ұстазының өмір жолы, қызметі мен ұлтсүйгіштігі жайлы шынайы естеліктер жазылған.