Ұлттық банк инфляция жылдың соңында 11-14% дейін баяулайды деп болжайды

Ұлттық банк инфляция жылдың соңында 11-14% дейін баяулайды деп болжайды

Қазақстанда инфляция баяулай түсті. Төртінші ай қатарынан көрсеткіш төмендеп келеді. Жыл соңына қарай ол 11-14%-кежетуі мүмкін. Ұлттық банк осындай болжам жасап отыр. Монетарлық реттеушінің мәліметі бойынша, маусым айында жылдық мәнде 14,6%-ке дейін төмендеді. Ал азық-түлікке әлемдік бағаның одан әрі төмендеуі және сауда әріптес елдеріндегі инфляцияның төмендеуі инфляцияға тежеуші ықпал етеді. Дегенмен сарапшылардың пікірінше, проинфляциялық тәуекелдер ішкі факторлар тарапынан сақталады. Атап айтқанда, бұл – инфляциялық күтулер, фискалдық ынталандырудың күшеюі, жанар-жағармай мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтері бағаларының қымбаттауы. Еске сала кетейік, шілденің басында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені жылдық 16,75% деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Инфляцияның баяулауы болашақта оны біртіндеп төмендетуге көмектеседі.