Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру кәсіпорындары іске қосылады

Қазақстанда пайдалы қазбаларды өндіру кәсіпорындары іске қосылады

Қазақстанда бірнеше тау-кен кәсіпорындары іске қосылады. Соның  бірін Абай облысындағы Беркарин кен орны базасында жыл соңына дейін жүзеге асыру көзделіп отыр. Жоспарға сәйкес мұнда олар жылына 600 мың тонна кен, 5,5 мың тонна катодты мыс өндірілмек. Сондай-ақ, облыста көмірді десорбциялау және электролиз цехі жұмыс істей бастайды деп күтілуде. Металлургиялық зауытты Суздаль кен орнында ашу жоспарланып отыр. Сонымен қатар еліміздің батыс бөлігінде ірі газ кеніші 2023 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Онда жылына 1 миллиард текше метрге дейін газ өндірілмек. Рожковское кен орнында алынған шикізат газ өңдеу зауытына жеткізіліп, одан кейін ол ішкі нарыққа жеткізіледі.