Ұлттық банк «ÚKI» инвестициялық монетасын айналымға шығарады
Ұлттық Банк 17 наурызда ÚKI (Үкі) монетасын айналымға шығармақ. Жаңа инвестициялық құралды «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының Tabys мобильді қосымшасы арқылы сатып алуға болады. Бұл монета Gold Coin жобасының бір бөлігі және алтынның цифрлық баламасы. Сондықтан оның құны алтынның халықаралық бағасына байланысты анықталады. Бұл бастама алтынға инвестиция салуды жеңілдетеді. Айта кетейік, «ÚKI» монетасын сатып алу және айырбастау шарттары туралы толық ақпарат Ұлттық Банктің ресми сайтында жарияланған.

