«Ұлттық ұланының» миссиясы қандай?

«Ұлттық ұланының» миссиясы қандай?

Қазіргі таңда қазақ армиясының айбыны асқақ, әлеуеті жоғары. Ел тыныштығын күзету жолында қалтқысыз қызмет етіп келеді. Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихы 1992 жылғы 7 мамырдан басталады. Содан бастап заманауи тұрғыда жетілу үстінде. Бүгінде Қазақстан армиясы Халықаралық қауымдастық алдында бейбітшілік пен тұрақтылықты қолдау мақсатындағы халықаралық міндеттерді орындауға қатысатын бітімгерлік миссияға ие деңгейде.

Қазақстан Қарулы Күштері 3 құрылымнан тұрады. Олар - Құрлық әскері, Әуе қорғаныс күштері және Әскери теңіз күштері. Бүгінгі бағдарламамызда Құрлық әскері құрамына кіретін ҚР «Ұлттық ұланы» туралы тарқатып айтамыз.