Ұлыстың ұлы күні

 «Жақсы адамдарым» бағдарламасының бұл мерекелік шығарылымы ерекше форматта өтеді. Бағдарламамыздың қатысушылары 2 топқа бөлініп, мақал-мәтел, арқан тартыс, өгіз тартыс, армрестлинг, сұрақ-жауап жарыстарына түседі. Қызу тартысқа толы хабардың жеңімпазын бірге анықтайық.