Ұлытау - аңыздар өлкесі | Кең дала

Ұлытауда көптеген ғасыр бұрын қазақ тарихында маңызды рөл атқарған тарихи бетбұрыстар орын алған. Бұл өңір - халқымыз сұлтандарын ақ киізге көтеріп, хан еткен жер. Сондай-ақ, ханның өзіндік ордалалары, яғни Хан ордасы орналасқан жер. Қазақ жерінің кіндігі болған Ұлытау өңірінен Әмір Темірдің Тоқтамыс ханға қарсы ұлы жүрісі бастау алған. Нақ осы өңірде Жошы, Алаша және Тоқтамыс хандар, сондай-ақ, ұлы қолбасшы, батыр Едіге және өзге де тарихи тұлғалар жерленген. Тағы да айтсақ, аңыздардың желісіне орай, Асан қайғы осы жерді қазақ халқының өмір сүруіне ыңғайлы Жерұйық деп айтқан. Бұл Ұлытау туралы айта алатын мың деректің бірнешеуі ғана.