Ұрланған мүлік мемлекетке қайтарылды

Ұрланған мүлік мемлекетке қайтарылды

1 триллион 100 млрд теңге. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі заңсыз иемделінген осыншама активті елге қайтарған. Соның 321 млрд теңгесі тікелей бюджетке түсті. Кезінде талан-тараж болған квазимемлекеттік ұйымдардың да мүлкі қайтарылған. Айталық Алматыдағы «Maisat» бизнес орталығы бұрын «География және су қауіпсіздігі институтының» меншігі болған. Антикордың ықпалымен ғимарат әуелгі иесіне қайтарылды. Сондай-ақ, «Kaisar Tower» бизнес орталығы «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің» балансына берілді. Ақмола олбысы Барап ауылында орналасқан люкс нысандар, 1 жарым мың шаршы метр резиденция, 135 гектар жер - Астана қаласының білім басқармасына берілді. Мұнда балаларға арналған демалыс орны ашу жоспарланған. Сондай-ақ, қайтарылған қаржыға биыл 83 мектеп салынды. Оның көбі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан.