Үшішекті шертер аспабы
Бағдарламамыздың бұл санында үшішекті көне шертер аспабы туралы айтамыз. Пішіні туралы айтсақ, сыртқы түрі домбыраға ұқсағанымен, үстіңгі қақпағы жоқ, ішегінің саны – үшеу, мойны қысқалау және пернесіз. Шертерді бүтін ағаштан шауып жасайтын болған.
Шертер туралы XIX ғасырдың ортасындағы ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектерінде айтылады. Бұл авторлар – қазақ даласына әртүрлі елдерден келген саяхатшылар еді. Бірақ олар шертерді өз жолжазбаларында суреттеп жазған кезде, көбіне қобызбен шатастырып алған.