Вандализмнің жазасы қандай?
Вандализм - қоғам дерті!
Вандализм – тарихи-мәдени ескерткіштерді, қоғамдық орындардағы
мүліктерді аяусыз, қасақана қирату, сындыру, бүлдіру, тонау. Сондай-ақ, вандализмге нысандардың сыртына жазба жазу, таңба қалдыру, сурет салу, шимайлау,
зираттар мен діни ғимараттарды тонау да жатады.
Бүгінде ескерткіштерді қирату, түрлі нысандарды бүлдіру,
сындыру деректері көп кездеседі. Мұның бәрін жасайтын біздің қоғамда өмір сүріп
жүрген адамдар!
Бұзақылар ұсталған жағдайда жазасыз қалмайтыны түсінікті.
Бірақ көшедегі мұндай тәртіпсіздік «қоғамдық ауруға» айналмас үшін не істеу
керек?
Қоғамдық тәртіпті сақтамай, вандализмге жол бергеннің жазасы қандай болады? «Жүрек сөзі» бағдарламасынан біліңіздер.

