Верный қаласында болға ең ауыр зілзала, 1887 жыл
Ескі бағаммен 28 мамырда, таңғы 4-тен 35 минут өткенде күшті жерасты дүмпуі болып, тұрғындар қатты сілкіністі аңғарды. Бірақ оған ешқандай мән берілмеді. 1885 жылдан бастап тұрғындар шағын жер сілкіністерін байқағанымен, бірте-бірте үйреніп кетті. Дегенмен дүмпулер қайталанып, әрі үдей берді. Сылақтар түсіп, пеш пен қабырғалар қирап, төбелер құлады. Жер асты дүмпулері аздаған үзілістермен күні бойы жалғаса берді. Қала ақыры қирады. 1799 кірпіш үйден кешкісін біреуі ғана бүтін қалды. Көбіне тек ағаш ғимараттар төзімді болған.