VIII «Астана кештері» халықаралық өнер фестивалі
Назарларыңызға Елордада өткен VIII «Астана кештері» халықаралық өнер фестивалінің концерттік шарасын ұсынамыз. Мәдени шараға еліміз бен әлемнің бірегей әншілері қатысып, классика, халық өнері, эстрада бағытындағы үздік туындыларды орындады. 5 күнге ұласқан қайырымдылық концерттің ерекшелігі – қала тұрғындары мен қонақтарына тегін ұйымдастырылды.
Биылғы фестивальға Италия, Франция, Ресей, АҚШ, Өзбекстан елдерінің белгілі музыканттары қатысты. Атап айтқанда, италиялық альтист Анна Серова, фортепиано дуэті Марко Скьяво мен Серджо Маркеджани, Өзбек мемлекеттік үлкен театрының солисі Рамиз Усманов, Париждегі Әулие Николя дю Шардоне шіркеуінің органисі Мари-Аньес Граль-Мене және АҚШ-тан келген Өзбекстанның тумасы танымал пианист Бекзода Абдураимова өз өнерлерін ортаға салды. Бұл кеште әлем мойындаған сахна жұлдыздарымен бірге бір сахнада еліміздің «Солистер академиясы», «Форте трио» ұжымы, сондай-ақ Медет Чотабаев сынды отандық дарынды өнерпаздар өнер көрсетті.